Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Қазақ күресінен “Әлем Барысы” түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді

Олар: төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов. Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеевтің қатысуы да тек мүмкін. Айта кетейік, “Әлем Барысы” осымен екінші рет өткелі тұр. 2014 жылы алғашқы турнирге 35 елдің апайтөс балуандары қатысты. Олардың арасында дзюдодан әлем және Олимпиада чемпионы чеx Лукаш Крпалек, самбодан әлем чемпионы армениялық Гарибян Арутюн, дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері неміс Раймунд Гирдц, кураштан әлем чемпионы изральдық Грегори Рудельсон, алыштан Азия чемпионы парсы Мухаммад Теймоури Сарах, Олимпиада және әлем чемпионатының жүлдегері кубалық Оскар Рене Видал Брайсон және тағы басқа атақты балуандар боз кілемге шыққан еді. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен жүз мың АҚШ долларын кубалық Брайсон иеленді. Екінші орында Айбек Нұғымаров, үшінші сатыда ресейлік Максим Ширяев. Үш жыл бұрын xалықаралық турнир ретінде тұсауы кесілген “Әлем Барысы” бүгінде қазақ күресінен әлемнің абсолют чемпионаты деңгейіне өсті.

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады. Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары Елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша, барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Балуандарға фотоссессия ұйымдастырылып, шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі. 6 қыркүйек күні сағат 18:00де Mega Silk Way ойын-сауық орталығында Alem Barysy қатысушыларының салтанатты салмақ өлшеу және жеребе тарту рәсімі өтеді. Әлемнің абсолют чемпионатын тікелей эфирде Qazaqstan, Qazsport, түріктің TRT Avaz, Ресейдің “Матч! Планета” және “Бокс ТВ” телеарналары көрсетеді. Жарыс бағдарламасы: 10:00 Іріктеу белдесулері 13:00 Ашылу салтанаты 18:00 Ақтық белдесулер 18:30 Жеңімпаз және жүлдегерлерді марапаттау рәсімі

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз