Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Қазақ қызы ресейлік сұлулық байқауында ашық киіммен шығудан бас тартқан

853
Ашық дереккөздерден сурет

15 жастағы мәскеулік Дина Қожасаева “Ресей сұлуы” ұлттық байқауында сахнаға су киімімен шығудан бас тартқан. Ұйымдастырушылар бұл қылығы үшін қазақ қызын байқаудан шеттетіпті. Оған үздік ұлттық киім аталымындағы марапатты сахна сыртында табыстаған.

Дина Қожасаева “Ресейдің жас сұлуы” атағына үмітті еді. Себебі бұған дейін ару “Мәскеудің жас аруы” тәжін таққан болатын. “Ресей сұлуы” байқауына Дина іріктеу кезеңінсіз-ақ өткен.

Дина ашық киіммен ешқашан сахнаға шыққан емес. Sputnik-ке арудың анасы Линда Қожасаеваның айтуынша, байқау ұйымдастырушысы бұл талаптың ескерілетініне сендіріпті. Алайда байқаудың соңына қарай бәрі өзгеріп шыға келген.

Байқаудың финалы 26 маусымда Мәскеуде өтті. Қатысушылар сахнаға төрт рет шығуы тиіс болатын.

“Режиссер Константин Костин Динаның су киіммен шығуын талап ете бастады. Алайда бұл мәселе бұған дейін келісілген болатын. Дәл соңғы уақытта Дина айтқан киімді кимесе, байқаудан шеттетіледі деді. Қызым келіспеді. Сондықтан Дина байқауға қатысқан жоқ. Сахнаға тек екі-ақ рет шықты. Динаның ұлттық киімі үшін сыйлық берілді. Бірақ оны сахна сыртында табыстады”, – деді Динаның анасы.

Алайда Дина өзін жеңілдім деп сезінбейтінін айтты, бірақ байқауға барып тұрып, қатыспаған өкінішті екенін жеткізді.

“Мен өзімді елден ерекшемін деп санамаймын. Бірақ сахнаға жартылай жалаңаш шыға алмаймын”, – деді Дина Sputnik-ке берген сұқбатында.

Айта кетейік, Дина Қожасаеваның ата-анасы Қазақстан тумасы. Алайда Динаның өзі Мәскеуде туып-өскен. Былтыр Дина «Мисс Мәскеу-2018» байқауының финалисі атанған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз