Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-3
USD
447
-1.37
EUR
482
-1.65
RUB
4.84
-0.02

Қазақ қызы әлемдік жұлдыздың жеке визажисі атанды

Визажист Сандуғаш пен Каролина қазан-желтоқсан айларында төрт концертте бірлесе жұмыс істеген. 2018 жылдың алғашқы екі концертін Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында өткізеді.

«Каролина әлемдік деңгейдегі жұлдыз және өте қарапайым жан. Оның қос-қостан көмекшілері жоқ, тіпті киімін өзі үтіктеп киеді. Әндерін жанды дауыста орындайды. Әр нөміріне жауапкершілікпен қарап, сахнаға шыққанша тағат таппайды. Біздің қазақстандық жұлдыздар одан көп нәрсе үйренер еді», – дейді визажист.

Сонымен қатар стилист алдағы жоспарларын айтып, 2018 жылдың басты трендтерін атады.

«Жаңа 2018 жылдың басты қағидасы – минимализм мен ұстамдылық болмақ. Бетті әрлегенде де табиғилықты барынша сақтауға тырысыңыз, қою түстерді азырақ қолданған жөн. Киімге келер болсақ, алтын түстес реңк беретін қызыл түс сәнге айналады», – дейді Сандуғаш Бексырға.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз