Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақ қыздарының қызығын да, «қыздығын» да шетелдіктер көруде

2105

– «Бала-шаға бар ма?» – дедім.

– «Жоқ аға. Қайдан болсын. Жақсы қыздар бізге қарамайды. Былайғы қызға өзімнің зауқым соқпайды», – деді ол.

– «Оу, неге? Бойың да бар, ойың да бар. Түрің де жаман емес. Тәп-тәуір жігітсің. Қызсыз жүргенің қалай? Тым жас та емес көрінесің», – деймін ғой мен әңгіменің шоғын үрлеп.

– «Рас аға, жас емеспін. Отызға толып жатырмын. Бірақ қызым жоқ. Әдемі, сымбатты қыздардан көңілім қалған. Мен бір қытай компаниясының офисінде күзетшімін.  Кірген-шыққанды қарап, есікте отырамын. Әлгі жерде қазақтың небір сұлу да сымбатты жас қыздары жұмыс істейді. Бір байқағаным, олардың көбі сол қытайлармен қыдырады. Біздің қыздар өзіне қырындаған қытай жас па, жасамыс па, қарамайды. Қытайлықтар жұмыс беріп отырған соң, тәуелді. Олар не десе де, біздің қыздар ығына жығыла беретін сияқты.

Кейде түн ортасында бойы бір қарыс қытайды қолтықтап шығып бара жатқан жап-жас қыздарды көремін. Түн ортасына дейін олар кабинетте не істейді? Түсініксіз.

Менің есік күзетіп бар табатын ақшам 100 мыңға жетпейді. Ал осында жұмыс істейтін қытайлар біздің қыздарды түскі асқа сол маңдағы мейрамханаға ертіп барып, 100 мың теңгені ойланбай лақтырып кететіні белгілі.

Ақшалы қытайдан біздің қыздар қашсын ба?

Өйткені біздің қоғамды адами құндылықтар емес, ақша билеген. Заман сондай болып кетті. Қыздардың көксегені қалайда жақсы табыс табу. Сондықтан кіммен болса да, жатуға арланбайды. Жігітпіз ғой аға, кейде балаларға ілесіп, саунаға, кафеге, түнгі клубтарға барып қаламын. Сонда көргенім де дәл осы жағдай.

Түнгі клубтарда түрік, кәріс, қытай, араб, индустердің құшағында жүрген үріп ауызға салғандай қазақ қыздары. Намысың келеді. Қаның басыңа шабады.

Бір түнгі клубта бір кәріске асылып, сүйісіп тұрған қазақ қызын боқтап, итеріп жіберіп едім, пәлеге қалдым. Полиция шақырды. Шақырған кәріс емес, өзіміздің қаракөз қарындасымыз. «Кіммен жатамын, кіммен қыдырамын — мен сенен сұрамаймын. Өзім білемін!» деп кердеңдейді әлгі қыз.

Әйтеуір күзетші жігіттер келіп, «бауырым, бұл жерден үндемей кетіп қал. Қайтесің дауласып? Бұларды жеңе алмайсың. Қазақ қыздарының шетелдіктермен бұл жерде сүйісуі түк емес, одан да зорғысын көріп, шыдап жүрміз. Арсыз қыздар көп», деген соң жерге бір түкіріп кетіп қалғанмын.

Бір сөзбен айтқанда аға,

біздің елде қазақ жігіттеріне, яғни жас жігіттерге жағдай жасалмаған. Көбіміз базарларда арба сүйрейміз, күзетшіміз, таксиспіз. Тапқан табыстарымыз ештеңеге жетпейді.

Қалтаның жұқалығынан қыздармен дұрыстап қыдыра алмаймыз. Оларды ешқайда апармаймыз.

Осыдан келіп қыздарымыз ақшалы шетелдіктермен реті келсе қыдыруға даяр тұрады. Сөздің ашығы,

қазір қазақ қыздарының қызығында, «қыздығын» да шетелдіктер көріп жүр.

Ал біз, қазақтың жігіттері азын-аулақ тапқанымызға риза болып, өлместің қамымен жүрміз», – деп әлгі жігіт күрсініп салды.

Оған қарсы ешқандай уәж айта алмадым. Өйткені оның айтқаны шындық еді.

Рас, ара-тұра мен де мейрамхана, түнгі клубтарға бас сұғып тұратын еркектің бірімін. Әлгі жігіт көргенді мен де көріп жүрмін.

Иә, шындығы сол: қазақ қыздарының қызығын шетелдіктер көріп жүр.

https://kaz.365info.kz/aza-yzdary-a-sha-shin-b-tyn-ashu-a-dajyn-t-rikter-bizdi-osylaj-mys-yldajdy-229269
Мұрат Жақыпұлы

Мақала VK-дағы Атамның басы-ай тобында қызу талқылануда

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз