Қазақ қыздарының ар-намысына Арман Шораев араша түсті. Тіліне ие болмаған Евгений Вожжов деген пәлені тауып, жігітше сөйлесіпті.
— Ол бір қорқақ адам екен. Кешіріңдер, кешіріңдер дегеннен басқа түк айта алмады. Балаларым қазақ балабақшасына барады деп ақталды. Енді ол бір жерін қысып жүретін болды. Егер осындай әрекетін тағы қайталаса, мен оның терісін сыпырып аламын, дейді Арман.