Флешмобтың шарттары қарапайым: кез келген адам ұлттық символика бейнеленген сурет немесе қазақтың аспаптарымен, ұлттық киіммен түскен суретін жариялап, міндетті түрде #ГенаАлга #жулдызфмфлешмоб хэштегін қояды. 17 қыркүйекке дейін жалғасатын акцияға бүкіл Қазақстан бойынша мындаған адам қосылып жатыр, олардың ішінде қазақстандық эстрада мен кино жұлдыздары, Сәкен Майғазиев, Айқын, Ернар Айдар, Ғаділбек Жанай, Дилхан Исаев, Ұшқын Жамалбек, Өміркұл Айниязов, Бейбіт Құшқалиев, Жігер Ауыпбаев, Әйгерім Қалаубаева, Дана Кентай, Жанна Орынбасарова, домбырашы Нұржан Тәжікенов, композитор Ұлықпан Жолдасов, композитор әрі әнші Нұрлан Еспанов, актер әрі әнші Нұрболат Абдуллин, актер Жасұлан Базарбаев, актер әрі тележүргізуші Рахман Омар, актер Ерден Телемісов, продюсер Ринат Таттыбай, “Самал” тобы, “Заман”,”Шамшырақ” дуэті мен Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қатысушылары.
“Жұлдыз ФМ” радиосының бағдарламалық директоры Жасұлан Қали флешмобтың мақсаты Геннадий Головкинге қолдау көрсетіп, оған оның жалғыз емес екенін және бүкіл елдің жанкүйер болатынын көрсету екенін айтты.
“Бүкіл Қазақстан Геннадийдің жеңіске жететініне сенеді және қолдау көрсетеді. Біз мұны тыңдармандарымыздың белсенділігінен, әлеуметтік желілердегі спортшыға жеңіс тілеп жатқан адамдарымыздар біліп отырмыз. Головкин рингке Қазақстан туымен шығады, бүкіл әлем біз жайлы мақтанышпен айтады. Сондай-ақ, GGG рингке ұлттық киіммен шығады, сол себепті біз флешмобты қазақ шапандарымен және қазақ символикасы бейнеленген киіммен түсіруді жөн көріп, оған қолдау білдіреміз. Ол Альвареспен өтетін жекпе-жекке жалғыз бара жатқан жоқ! Гена, Алға!”, – деді “Жұлдыз ФМ” радиосының бағдарламалық директоры Жасұлан Қали.