Нұр-Сұлтан
Қазір
-12
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Қазақ делегациясы ЕҚЫҰ Демократия және адам құқықтары бюросының жиналысына аттанды

Жалпы іс-шараға ЕҚЫҰ-ның 57 мүше елдерінің ұлттық делегациялары, құқық қорғау ұйымдарының, үкіметтік емес сектордың, академиялық топтардың және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысулары күтілуде.

ЕҚЫҰ жиналысы аясындағы ұйым кеңістігінде адам құқықтарының жағдайы, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заң үстемдігі, сот жүйесінің тәуелсіздігі, сөз және БАҚ бостандығы, жиналыс өткізу еркіндігі, ұлттық азшылықтардың құқықтары, демократиялық сайлау өткізу, діни наным-сенім бостандығы, гендірлік тепе-теңдік, адам саудасына қарсы күрес және тағы басқа да мәселелер талқыланатын болады.

Жиналыс шеңберінде Қазақстан делегациясының мүшелері ЕҚЫҰ бойынша серіктестеріне еліміздің сот және құқық қорғау жүйесін, сондай-ақ ұлттық заңнамамызды реформалау барысы туралы, адам құқықтары мен заңдылықты қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерді орындау, қоғамды одан әрі демократияландыру, этносаралық келісім мен гендерлік теңдікті ілгерілету туралы хабардар ететіндігі күтілуде.

Сонымен қатар,

Қазақстан өкілдері ЕҚЫҰ кеңістігіндегі адам құқықтарына қатысты шешілуді талап етіп отырған ең өзекті мәселелерге, атап айтқанда діни және ұлттық азшылықтардың жағдайы, адам саудасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, мигранттардың ахуалы және төзімсіздікті жою сияқты мәселелерге назар аударуды жоспарлап отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз