Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-3
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қазақ даласындағы оңай олжа – ұлттық дәстүрлер туралы шындық

958

Қазақ халқында ғасырлар бойы келе жатқан дана сөз бар:

“Ет-ет, сорпа-бетке, қалғаны-пакетке”.

«Ет пен сорпаның не қатысы бар?» дерсіз сіз. Ал мен «тереңірек ойлан» деп жауап қатар едім.

Нағыз қазақ өз кінәсін мойындамайды

Қазақ халқында бір кездері келін тылсым қабілеттері бар деп есептеген. Ол жағы шындыққа жанасады. Себебі отбасы неше балалы болатыны тікелей осы келінге байланысты болған. Ол кезде қаншалықты көп бала болса, соншалықты жақсы. Баланың рекордты санын дүниеге әкелген әйел беделді әрі құрметті болып саналған.

Ал бала туа алмаған немесе бедеу әйелдерді мазаққа айналдырған. Әйелдер үшін ең сорақысы сол болған. Оларға саусағын шошайтып, келеке етіп, көпшілік алдында абыройын түсірген. Оларды «бауыры құтсыз» деп те атаған.

Бала болмаудың себебі ер адамнан болуы мүмкін деп ешкім ойламаған. Ойласа да оның арты тек дау-жанжалға әкелетін және ешқандай нәтиже бермейтін.

Мұндай маңызды әрі жауапты істе қазақтың еркегі кінәлі екенін дәлелдеу мүмкін емес. Менің тоқсандағы әжем айтқандай: «жаст импассибл, балам». Мағынасы: «Сенің атаң оңбаған еді. Саған ашығын айтып отырмын. Оған бір нәрсені дәлелдеу мүлдем мүмкін емес болатын».

Нағыз қазақ үшін әйел – қазына

Сондықтан келін бұл жолды жалғастырушы, бұл отбасының ең жақсы ұрпақтарын өмірге әкелуші ретінде алғашқы уақытта бәрінің көзайымына айналған.

Оның бар жағдайын жасайтын: тіл-көзден, ауру-сырқаудан сақтап, шымылдықтың артына тығып, барынша қорғайтын.

Оған біреу аяғы қисық, бетінде безеу бар және т.б. айтып қалса, бітті дей бер. Келіннің көңілі түссе, дені сау бала тумайды.

Бала тууға қабілетті жастағы әйел – қазына. Бірақ оның қазына екенін әлі анықтау керек. Қалай анықтаймыз? Артынан келген қыз жасауымен. Оны қазақтар қыз бала кішкене кезінен жинап бастайды. Қазақта «жасауды алты жастан жинасаң – асады, жеті жастан жинасаң – жетеді» деген сөз де бар. Осы себептен жасаудың көлемі қызға берілген қалың малдан әлдеқайда асып түсетін болған.

Өркениеттің зияны жайлы лирикалық ауытқу

Қазақтар күрес пен бокстан бос уақытында шектеусіз үйлене берген деген түсінік те шындыққа сай келмейді. Дұрысы – жартылай өтірік, жартылай шындық. Сезімдері немесе тестостерон тасып жатқаннан емес, экономикалық түсініктерге байланысты үйленетін болған.

Себебі әр үйленген сайын жас әйелі өзімен бірге үлкен көлемде сый-сияпат пен, дүние-мүлік, жасауын алып келіп, сонымен ер адамның тұрмыстық жағдайын нығайтып отырған. Сондықтан әр жаңа әйелдің өз үй-жайы, қызметшілері және мал-жайы болған. Бұл тірлік қысқа дейін жалғасқан. Жаз бойы, күз бойы сүйікті ері қонаққа келіп, жайлауда сайран салып, достармен бәйгеге шауып, демалған. Ал қыста барлығы жиналып, «қыстауда» тұрақтаған. Сол әйелдері ерін алай бар – солай қабылдап, жақсы көрген. Оны көп әйел алғаны үшін ешкім азғын көрмеген. Мыңғырған малы бар, балаларын алаламай жақсы көрсе – болды. Ондайларды «балажан» дейтін болған.

Нағыз қазақ үшін әйел – ұрпақ жалғастырушысы

Керемет кез болатын. Әйелдер сөзге келетін бір-ақ мәселе бар – жас келіннің (тоқал) шайды дұрыс құя алмауы. Яғни, қайнатылған шай мен сүтті өз ретімен құймағаны. Басқасының бәрі дұрыс болған. Үлкендер жұмсайды, жастар жүгіреді, қамшы ғана өз орнында – керегеде ілініп тұрады.

Босағаны аттаған жас келінді қой секілді болсын деп қойдың жүнінен жасалған өсенішке отырғызған. Мұнда ешқандай да жаман пиғыл жоқ, керісінше – қой секілді жыл сайын балалы болсын деп жақсы ниетпен ырымдаған.

Негізіне, қой бізде киелі жануар саналады. Себебі, сол қойдың арқасында қазақтар аман қалып, «киіз халқы» аталған. Бізді бір кездері солай атаған. Сондықтан бұл ырымның да жөні бар.

Кейбір аймақтарда бұдан да мықты ырымдар болған. Мысалы, жас келін итке тамақ берген. Қазіргідей сүйек лақтырып емес, келіннің көйлегінің етегіне әр түрлі тамақтан қалған жуынды құйған, ал ит сол көйлектін етегінен тамақ ішкен. Бұл ырымды жасаған келін ит секілді жыл сайын бала туады деп сенген.

Қысқаша айтқанда, келінді ұрпақ жалғастырушы деп санаған. Оның қолы тиген әр зат ерекше күшке ие болған. «Жыртыс» ырымының шығу тегі де осында, яғни матаның қиындысы. Жаңа түскен келіннен жыртыс тисе, сол үйге құт әкеледі деп сенген. Бір себеппен құттықтап немесе бата бергенде: «құтты болсын!» деуі де бекер емес. Бұрын мынадай да сөз болатын: «Құт төрден кірсе, жұқ есіктен шығады!»

Сарқыт та сондай ырым. Ескі түсініктерге сәйкес, дастарқан мол болу керек. Мереке аяқталғанда дастарқан тап-таза боп, ешт нәрсе қалмауы керек. Сонда ғана келген қонақтар риза болды деп есептеген. Сол үшін дастарқанда қалған тамақтарды салып алып кететін болған. Қазіргідей асығып, сөмкелер мен қапшықтарға салып алу емес, өмірлік мейірім мен құтты қоса алып кеткендей абыроймен алып шығу. Әдетте сарқытты әйелдер алған немесе немерелеріне деп әжелер салып алған. Ал ер адамдарға бұл жат қылық, ұят саналады.

Ерекше сиқырлы қасиеттерге ие деп жас келінді алғашқы келін болған жылында өз жасауынан қайын жұртына сыйлық таратқанда санаған. Олар да құтты болсын, яғни байысын деген сеніммен. Сонымен қатар келін жас қой-қозы, бұзауларға қараған, оларға да жас келіннің табиғи күші беріледі деп сенген. Қазақ дәстүрлерінің қос мағыналылығы осында жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз