Мексиканың Мерида қаласында ITF J500 бірінші санатындағы жасөспірімдер турнирі аяқталды.
Қазақстандық Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сын бойынша жарыстың жеңімпазы атанды. Финалда олар турнирдің бірінші ракеткалары Петр Брунлик (Чехия)/Чарли Робертсонды (Ұлыбритания) 6:4, 6:1 есебімен ұтты.
Өкінішке қарай, Әмір Омарханов жекелей сын бойынша жартылай финалда француз Томас Фурелден жеңіліп қалды – 2:6, 3:6.