Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қазақ әжелері енді үйде отырмайды

133

«Әжелер мектебі» ашылатындығы туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде өткен шара барысында белгілі болды. Қажы апаларымызбен бас қосқан қала мешіттерінің ұстаздары, қыз-келіншектер «дөңгелек үстелде» қыз балалар тәрбиесі үшін маңызды тақырыптарды қозғап, ақыл-кеңестер тыңдалды. Әжелер тарапынан да салт-дәстүрге сай өнегелі өсиеттер айтылды.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті жанындағы Жалпы және жастар ісі бөлімі, Қызылорда облысы бойынша әйелдер-қыздар секторы жастарға, қыз-келіншектерге тәлім-тәрбие беру бағытындағы өз жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді. Алдағы уақытта сектор бастамасымен «Әжелер мектебі» жұмысын күшейтіп, қыз балалар тәрбиесі үшін бірқатар маңызды шаралар қолға алынбақ. Болашақ ана атанатын нәзік жандылар үшін бұл шаралардың өз нәтижесін берері сөзсіз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз