Әділет министрлігі қазақ әндерін Instagram-ға қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы толық мәлімет дүйсенбі күні жарияланбақ.
«Әзірге нақты айту ерте, себебі бұл процесс Әділет министрлігі, KazAK авторлық қоғамдастығы және Meta компаниясы арасында жүргізілуде», – деді министрліктің ресми өкілі.
Әндерді қайтару бойынша құжаттарға қол қойылмағанымен, жұмыстар біртіндеп алға жылжып жатыр.