Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұлттық комиссия құрылды

Ұлттық комиссия Үкімет жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның негізгі мақсаты — қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша ұсыныстар әзірлеп бекіту, жұмыс барысын үйлестіру және оның сапалы орындалуына бақылау жасау.

Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен комиссия құрамына төрағаның орынбасары — ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев, сонымен қатар ҚР Президенті Әкімшілігінің, “Нұр Отан” партиясының, ҚР Парламентінің, жоғарғы оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғамдық ұйымдардың, белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері тартылды. Комиссияның жұмыс органы ҚР мәдениет және спорт министрлігі болып табылады.

“Латын әліпбиіне көшу — еліміз үшін айрықша мәні бар тарихи оқиға. Елбасы айтқандай, халқымыз сан мың жылдық тарихында ешқандай сыртқы ықпалсыз, өз еркімен, жалпыхалықтық талқылаумен, тұңғыш рет әліпбиін ауыстырып отыр. Оны жүзеге асыру — біз үшін зор мәртебе, әрі үлкен жауапкершілік”, — деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Отырыс барысында қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін төрт арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды:

Біріншісі —орфографиялық (қазақ әліпбиін латын графикасына көшіруде орфография мен орфоэпия ережелерін дайындау үшін).

Екіншісі — әдістемелік (латын әліпбиін үйрету және оқыту әдістемесін жасап, оны білім беру жүйесіне біртіндеп енгізу үшін).

Үшіншісі — терминжасам (латын графикасының негізінде қазақ тілінің терминологиялық базасын жүйелеу үшін).

Төртіншісі — сараптамалық-техникалық (латын графикасын ІТ-технология талаптарына сәйкес келтіру үшін).

Жұмыс топтарына тіл білімі саласының кәсіби мамандары да тартылатын болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз