Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Қазақ” әлемдік деңгейдегі дарын иесі деп танылды – шетелдік БАҚ

«Қазақ» атымен танымал отандасымыз ендігіде, 53-інші орында тұр. Айта кетейік, белді Boxingnews24.com сайты Қанат Исламды өзінің отандасы Геннадий Головкинмен салыстырды.

«32 жастағы Ислам қолдарымен керемет жұмысты немесе бокстағы машықты көрсете алмады. Бірақ оның күші шынымен-ақ мықты болды. Геннадий Головкин өз қарсыластарын шабуылдайтындай, Ислам да Ассисті шабуылдың астына алды. Ол Робсонға демалуға мүмкіндік бермеді, соққыларын бірінен соң бірін жаудырып отырды», – деп жазады Sports.kz Boxingnews24.com-ға сілтеме жасап.

Ал Delaware County Daily Times-тың тілшісі Қанат Исламды бүгінгі жеңісінен кейін әлемдік деңгейдегі дарын иесі деп атады.

«Қазақстандық Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберіп, өзінің статистикасын 23-0-ге жеткізді. Нағыз жауынгер. Әлемдік деңгейдегі дарын иесі», – деп жазды Маккафери Твиттерде.

Еске салайық, WBO Intercontinental және WBA Fedelatin тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы, бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам (22-0-0, 19 КО) мен Робсон Ассис (17-4-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек бүгін Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) өтті. Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундтың соңында сұлатып салды. Былғары қолғап шеберлерінің кездесуі кіші Рой-Джонстың бокс кешінің аясында өткен болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз