Нұр-Сұлтан
Қазір
18
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қауіпсіздік кеңесінің алдында стратегиялық міндеттер тұр — саясаттанушы

338
Сурет: Бауыржан Жуасбаев

Коронавирус пандемиясы  — Қауіпсіздік кеңесінің отрысындағы жалғыз мәселе емес, деп есептейді саясаттанушы Юрий Булуктаев. Бұл орган әрекетке дайын болуы керек, ағымдағы жағдайға жауап қатып қана қоймай, даму стратегиясын да әзірлеу керек.

Карантиннен кейін не болады?

— Юрий Очирович, қазіргі кезде Қауіпсіздік кеңесі қандай мәселелермен жұмыс істеуде?

— Қазақстанда Қауіпсіздік Кеңесі 1991 жылдан бастап, яғни тәуелсіз мемлекеттің негізі қаланғаннан бастап жұмыс істейді. Осы жылдар ішінде  өзінің қажеттілігін де, маңызды мемлекеттік органдардың иерархиясына қатысуының орындылығын да дәлелдеді.

Жалпы алғанда бұл орган штаб сияқты. Қауіпсіздік кеңесте биліктің үш тармағы да бар. Ол ұлттық қауіпсіздік мәселелерін басқарады, ал қауіпсіздік кез келген мемлекеттің ажырамас бөлігі. Сондықтан да ұлттық қауіпсіздік кеңестері әлемнің көптеген елінде бар және бізде де сол қызметті орындайды.

Сондай-ақ Кеңес

мемлекетті дамытудың стратегиялық жоспарын әзірлейді,

жоғарыда айтқанымдай, ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерге баса назар аударады. Ол әрекетке дайын болып, алдына жаңа міндеттер қоюға міндетті.

Жақында өткен Қауіпсіздік кеңестің отырысында да солай болды.

Коронавирус пандемиясы қазіргі кездегі ең басты қауіп болғандықтан, ең алдымен осы мәселені қарастырды. Бірақ бұдан басқа көптеген мәселе бар. Карантиннен кейін бізді не күтіп тұр деген мәселенің маңызы зор. Әлем коронавирус

экономикалық дағдарыстың қуатты факторы екенін мойындады. Бұл дағдарыс бізді де айналып өткен жоқ.

Ертең не болады, қандай шара қолдануымыз керек деп ойланатын сәт туды. Пандемияның салдары мемлекеттің де, қоғам өмірінің де барлық саласына әсер ететіні түсінікті. Сондай-ақ әрбір жеке адамның өміріне де ықпал етеді.

Қазіргі кезде ескі моделді бұзу процесі жүріп жатыр

— Сіз күн тәртібі пандемия тақырыбымен ғана шектеліп қалған жоқ деп айттыңыз.

— Мысалы, сәуір айының басында Кеңес Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев облыс және мегаполис әкімдерімен азаматтардың қауіпсіздігі мәселесі бойынша телефон арқылы әңгіме жүргізді. Әкімдері аймақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы және мемлекет басшысы бастама жасаған қолдау  шараларын іске асыру туралы ақпаратты баяндады. Сонымен қатар азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі де көтерілді.

Азық-түлік тапшылығына байланысты қауіп-қатердің шиеленісетінін тек тәуелсіз сарапшылар ғана емес, БҰҰ-да да болжап отыр. Әрине, ең алдымен, бұл миллиондаған халқы аштыққа ұшыраған кедей африкалық елдерге қатысты. Қазақстан өзінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әбден қабілетті. Назарбаев бұл сұраққа жергілікті биліктің назарын тағы да аударды. Әкімдер оңтүстік аймақтардағы егіс науқанының барысы және елдің солтүстігіндегі дайындық туралы баяндады.

Сонымен қатар, әңгіме су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою жөніндегі жоспарлар туралы да болды.

Енді кеңестің 24 сәуірдегі отырысына оралайық. Бұл жерде негізгі мәселелер карантиннен кейінгі кезеңді сәтті еңсеруге бағытталды. Бұл өте маңызды. Шын мәнінде, барлық бұрынғы жетістіктер «жойылды». Сарапшылар экономиканың кейбір тиімсіз секторлары жоғалып кетуі мүмкін деп болжам жасап отыр. Алайда жаңа басым салалар қалыптасады.

«Барлық ел өздерінің экономикалық стратегиясын қайта қарастыруда. Өзін-өзі қамтамасыз ету, өз ресурстарына сүйеніп әрекет ету, өндірістік және қаржылық тізбектердің сенімділігі басымдыққа ие болады. Екіншіден, жаңа салалық басымдықтар қалыптасады. Тиімсіз секторлар жоғалады. Алайда басқалары көшбасшы болып, экономиканы қозғап, адамдарға жұмыс орнын береді. Үшіншіден,

барлық ауқымды дағдарыс технологиялық және экономикалық әлемдік тәртіптің циклдық ауысуымен байланысты. Қазіргі кезде ескі модельді бұзу процесі жүріп жатыр,

— деді отырыста  Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол «2020 жылғы дағдарыстан кейін ел дамуының жаңа көзқарасын дер кезінде қалыптастыру тек аман қалуға ғана емес, бүкіл мемлекет үшін артықшылықтар мен пайда алуға мүмкіндік береді» деп атап өтті.

Егер  мемлекетке пайдалы болса, онда — бүкіл қоғам мен қазақстандықтар үшін де пайдалы болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз