Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәдениет және спорт министрі Ақбота Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді.
«Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.