Алтынай Жорабаева “ТМД-ға еңбегі сіңген қайраткер” атанды.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі жеке парақшасында жазды.
“Былтыр Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына “Құрмет” Орденімен қатар, Санкт-Петербургта ТМД парламенттік ассамблеясында, осындай марапатқа ие болған екенмін.
“ТМД- ға еңбегі сіңген қайраткер” төсбелгісі. Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның ұсынысымен осындай марапатқа ие болдым”,
– деп жазды әнші.