Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Айқын» және «Егемен Қазақстан» газеттеріне берген сұхбатында ел басқарушы ретіндегі 3 негізгі принципін атап өтті.
Екінші ұстанымы ретінде жалпыадамзаттық әрі дала демократиясынан бастауын алатын, ата-бабамыздан дарыған, ежелден қанымызға сіңген құндылық — әділеттілікті атап өтті.
“Әділеттілік салтанат құрмаған қоғамда тек қайшылық, қиыншылық, құлдырау үстемдік ететіні белгілі. Сондықтан әділетсіздікпен мемлекет, қоғам, әр адам күн сайын, бірігіп күресуіміз керек. Халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ ауыр болса да одан тура жол жоқ” – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Ал үшінші ұстаным — тек алға басу, даму жолымен жүру.
“Мына дәуір еркелікті, жалқаулық пен масылдықты, немқұрайлықты көтермейді. Төртінші өнеркәсіптік революция кезеңінде, жоғары технологиялық, цифрлық кеңістікте жаһандық дамудан он жыл артта қалсақ, жүз жыл оның орнын толтыра алмайтынымызды естен шығармайық” – деді Президент.