Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің алдына бірқатар міндет қойды. Соның ішінде Қарулы Күштерді қалыптастыру тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Қазақстан армиясының радиациялық және химиялық қорғанысына қажетті құрал-жабдықтардың заманауи түрлерімен жабдықталуына, әскери-техникалық авиация мен инженерлік әскерді күшейтуге, инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударуды тапсырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға, кадрлық саясат пен әскеріміздің қысқы маусымға дайындығына қатысты бірқатар тапсырма берді.