Швецияның Стромсунд қаласындағы үйінің жанында бес жыл бұрын басынан қатты жарақат алған танымал өзбек имамы Обидхон-қари Назаров тілге келіп, сөйлей бастады деп хабарлайды 59 жастағы имамның ұлы Давуд Назаров.
Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің ашық қарсыласы болған діни қайраткер Обид-қари Назаров 2006 жылы Швециядан саяси баспана алған. 2012 жылдың 22 ақпанында үйінің жанында оны тапаншамен атып кеткен.
Өткен жылдың наурыз айында Ресейден Швецияға имамды атты деген Өзбекстан азаматы Юрий Жуковский экстрадицияланды. Ол имамды өлтірмек болды деп айыпталып, өмір бойы түрме жазасына кесілді.
Обид-қари Назаровтың отбасы қастандықты ұйымдастырды деп Өзбекстан билігін айыптайды.
Обид-қари Назаров өткен ғасырдың 90-жылдардың соңында Ташкентте тәуелсіз имам ретінде танымал болды. Ол өзінің уағызында тек қана дін жөнінде емес, елдегі әлеуметтік, экономикалық мәселелерді көтеріп, адам құқықтарының бұзылып жатқанын айтып келген.