Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-11
USD
422
+0.07
EUR
512
+0.04
RUB
5.61
+0.02

Қаскелеңде үш оқушы менингит диагнозымен ауруханаға түскен

Құсуы жиілеп, басы ауырған алтыншы сыныптың оқушысына ақ халаттылар өткен апта іріңді менингит деген диагноз қойды. Абай мектебінде білім алатын жеткіншектердің ата-аналарының қазір көңілі күпті. Карантинге жаппаса, менингит одан әрі дендеп кете ме деген үрейлері бар. Тіпті балаларын оқуға жіберуге қорқып қалған.

“Менің ойымша, карантин жариялау керек сияқты. Әлде өлімді күтіп отыр ма? Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасында Абай мектебінен түскен оқушыдан бөлек, тағы екі жеткіншек жатыр. Үшеуіне де іріңді менингит диагнозы қойылған. Дәрігерлер өмірге қатер төндіретін қауіп жоқ деп сендіріп отыр. Жалпы, жыл басынан бері бұл ауруханада 63 адам менингиттен айығып шығыпты”,дейді Қаскелең қаласының тұрғыны Әсем Рахымова.

“Іріңді менингит дегеніміз – ми қабаттарының қабынуы. Суық тигеннен, иммунитеттің төмендігінен пайда болады. Негізі менингиттің жұқпалы түрі. Бірақ біздің ауруханада осы іріңді менингиттен ешкім қайтыс болған жоқ”,дейді Қаскелең қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі Сәуле Барақбаева.

Жұқпалы аурулар ауруханасындағы жеткіншектердің денсаулығы қазір бірқалыпты. Дәрігерлер осы аптаның аяғына дейін емдерін толық алып, құлан таза айығып, үйлеріне қайтады деп отыр. Ал менингит шыққан мектептегі оқушылардың ата-аналары білім мекемесін карантинге жабу керек деп дабыл қағуда. Өйткені, ауруын жасырған өледінің кері келмесін деп уайымдайды.

Дерек көз:Ктк.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз