Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Қашып жүр…”. Байзақова ненің нәтижесінде пайда болды?

Біз бен Байзақованың арасын бөліп тұрған өткелдің аты – тәрбие.

https://kaz.365info.kz/ajzhan-bajzakhova-ata-anasynyn-suretin-korsetti-foto-296157

“Балам орысша оқымаса күн көре алмайды, қыл аяғы нан алып жей алмайды” дейтін қазақтардың дерлігі, барлығы балаларын орысша оқытқан. Күлесің соларға қарап. Қынжыласың соларға қарап. Түсінігінің соншалықты таяздығына қарап таңғаласың.

Қазақшылықтан қашқан қазақтар, қазақ болудан қашқан қазақтар. Тәуелсіздік алса да құлдық психологиядан арылмаған. Қанға емес, сүтке сіңген құлдық…

Айтайық дегеніміз, Байзақова өнім.

Орыс тәрбиесі мен Батыс мәдениетінің ең сорақы сипаттары мидай араласқан және соның нәтижесінде пайда болған – қойыртпақ.

Жоқ, ол жалғыз емес. Ол алғашқысы да, соңғысы да емес. Байзақованың ізін басып жатқан, басып келе жатқан – қойыртпақтар көп-ақ.

Қойыртпақ қазақтар, қойыртпақ ұрпақтар…

https://kaz.365info.kz/kyrsinem-de-khoyamyn-azamat-satybaldy-yyatsyz-khyz-bajzakhovany-soz-etti-296398

Оның сұрауы кімнен? Ата-анасынан, әрине.

Баласын орыс мектебіне беріп Тәуелсіздіктің қадірін кетіріп отырған бұлар ертең өкінетінін білмейді, өкінішке орай. Ұқпайды…

Өздерімен қоса, ұлтқа да орасан зор кесірін тигізіп жатқанын ойламайды олар.

Байзақованың ата-анасын көріп осыны ойладық. Осылай топшыладық.

Шешіне берсін. Шегіне жетсін. Шектен шықсын. Біздің одан неміз кетеді?!

Біз адасқандардың қатарынан емеспіз. Қазақшылықтан қашқан қазақтар ертең ұрпағының сорын тартады. Талай көргенбіз. Талай куә болғанбыз.

https://kaz.365info.kz/sudan-taza-sytten-akhpyn-dep-akhtalgan-bajzakhovanyn-maskharasy-shykhty-video-296237

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз