Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

“Қашып кетті”. Семей тұрғындары Даниал Ахметовке наразылық танытуда

Артынан басын көрдік. Көшені бір айналды да, тайып тұрды.

Осылайша, жұрт облыс әкімі тұрмақ шаһар басшысы Ермак Сәлімовті тасқын басылғанан кейін көрмегендерін айтуда. Тіпті көрінген босағаны жағалап, теңтіреп жүрсек те, хәлімізді білуге де жарамады дейді”, дейді Семей қаласының тұрғыны Серғазы Төлентаев.

Әкімдіктен көңілі қалғанымен, Семей тұрғындарының басқа барар жері жоқ. Айтуларынша, тасқыннан зардап шеккен адамдар қазір көшеде тентіреп жүр екен.

“Біз өзіміз далада қаңғып жүрміз. Үйдің асты көк сасыған су. Өзім бронходан ауырдым. Балаларым далада жүр. Киім- кешек көк сасиды.

Халыққа көмектеспегенде, кімге көмектеседі?”

, дейді Семей тұрғыны Айтмұхан Әкімжанов

Дүрліккен тұрғындарды әкімнің орынбасары қабылдады. Оның айтуынша, қала басшысының өзі Астанаға іссапармен кеткен. Ал орынбасар қарша бораған сұрақтың астында қалды. Тіпті ол бір жауапты мың қайталаумен болды.

“Мен айтып тұрмын ғой, үкіметтің Шығыс Қазақстан облысы бойынша қарастырған 1 млрд 300 млн теңгелік жобасы бар. Тағы қайталап айтайын , бүгінгі үкімет отырысында бізге қатысты шешім қабылдануы тиіс. Жұрт арнайы коммиссияның шешіміне де разы емес”,-дейді Семей қаласы әкімінің орынбасары Николай Ушаков.

Айтуларынша, олар үйлерді тым арзанға бағалап жіберген. Ал бүлінген  баспананы қайта қалпына келтіру үшін берілетін 1 млн. теңгенің түкке де жетпейді дейді. Сондықтан ашынған тұрғындар қайтадан тексеру жүргізіліп, әділ шешім қабылданбаса, дәл әкімдіктің алдында аштық жарияламақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз