Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қаржылық сауаттылық отбасынан басталады (онлайн жоба)

544

Қаржылық сауаттылық жөніндегі мамандар халыққа арнап мынадай тақырыптар бойынша оқыту бағдарламасын және бес бейне-семинар әзірледі: «Ақша: бұл не?», «Ақша есептесуді жақсы көреді ме, әлде сіздің ақшаңыз қайда кетіп жатыр?», «Шығыс пен кірісті жоспарлау – қаржылық табыстың негізі», «Банк жүйесі. Депозиттер, кредиттер», «Жеке қаржылық жоспар – бұл мақсатқа жету жолы», олар жобаның Тик ток әлеуметтік желісінде жарияланған (@molodezh_za).

Аудио сабақтарды өткізу әдістемесі мен бағдарламасы, сондай-ақ жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы аудио сабақтар әзірленіп, жобаның телеграм арнасында мынадай: «Кәсіпкерлікке кіріспе. Бизнес-идеяны таңдау, нарықты зерттеу», «Қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік. Стартап мәдениеті», «Болашаққа инвестиция», «Қалай көшбасшы болуға болады? Немесе көшбасшылық дағдыларды дамыту», «Отбасылық бюджетті бөлу» тақырыптары бойынша жарияланды.

«Атамекен» ҚР ҰКП-ның сарапшылары ауыл тұрғындарына баса назар аудара отырып, бизнес-жоспарларды әзірлеу, жеңілдетілген кредит беруге өтінімдерді ресімдеу, бизнес ашу жөнінде кеңес беріп, көмек көрсетеді, кемінде 200 отбасын қамтуды жоспарлап отыр. Жобаны іске асыру үшін «Атамекен» ҚР ҰКП-ның 3 сарапшысы жұмылдырылды. Оқыту бағдарламасы әзірленіп, келісілді, 10 бейне-сабақ дайындалды.

Жоба барысында мастер-класс бағдарламасы әзірленіп, бекітілді, 5 бейне мастер-класс дайындалды.

Бұл мастер-кластар Instagram әлеуметтік желісінде және жобаның «Қаржылық сауаттылық» телеграм арнасында жарияланды.

Қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі материалдарды, оның ішінде бейне форматта да тарату үшін әлеуметтік желілерде, ютубте және телеграмм арнада аккаунттар ашылды. Қазақ және орыс тілдерінде «Интернет алаяқтық» вирустық ролигі жасалды. Балаларды ақшаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған 6 инфографика қазақ тілінде жасалып, @molodezh_za_zoj инстаграм әлеуметтік желісінде және жобаның телеграмм арнасында жарияланған. Жоба тақырыбы бойынша кемінде 100 кеңес берілетін болады.

Жоба барысында жобаның іске асырылу барысы туралы ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты шеңберінде және «Жастар СӨС үшін» базасында ұйымдастырылған «Қаржылық сауаттылық отбасынан басталады» жобасы жоғары сұранысқа ие. Негізгі мақсаты – бизнес-тренерлерді тарта отырып, жас және көп балалы отбасылар үшін кәсіпкерлік дағдыларын дамыту, кәсіпкерлікті жүргізу, көшбасшылық дағдыларды дамыту жөнінде, отбасылық бюджетті дұрыс бөлу туралы курстарды ұйымдастыру және өткізу.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз