Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қаржы министрі: 2016-2020 жылдары 879 нысан жекешелендірілуі тиіс

Бақыт Сұлтановтың айтуынша, қазір 190 нысан қайта құрылу немесе жабылу үстінде. Жалпы жоспарға сай 2016-2020 жылдары 879 нысан жекешелендірілуі тиіс.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

Жекешелендірудің кешенді жоспары бойынша 2016 жылдан бері 226 нысан сатылды. Сатылу бағасы 63 млрд теңге. Оның ішінде 18 республикалық меншік объектісі бойынша бюджетке 7 млрд теңге түсті. 113 коммуналдық меншік нысаны сату бағасы 17 млрд теңге және 95 квазммемлекеттік обьектісі. Олардың сату бағасы 39 млрд теңге.

Ал IPO шығарылатын кейбір ірі компаниялардың қазір құны өсті. Мәселен Астана халықаралық әуежайында жаңа терминал салынғандықтан, оның өзіндік бағасы артты. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте айтылды. Егер «ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниясы өндіріп жатқан өнімдердің құны қымбаттайтын болса, онда бұл кәсіпорынның да бағасы өседі. Сондықтан мұндай ірі нысандардың акциялары 2019 жылдан бастап IPO аясында сатылады.

Берік Шолпанқұлов, ҚР Қаржы министрінің орынбасары:

Біз қазір «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құны шарықтау кезеңіне жеткенін күтіп отырмыз. Жалпы 17 ірі компаниялардың акциялары 2019-2020 жылдары IPO арқылы сатылымға шығарылады. Қазір сатуға дейінгі дайындық шаралары басталып кетті. Бұл іске тәуелсіз сарапшылар тартылып, қаржылық аудит жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз