Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
2
USD
444
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.82
0.00

Қарындасының тойын дүркіретіп өткізген Төреғали Төреәліге айыппұл салынбады

1046
Сурет: әлеуметтік желі
Сән-салтанатпен өткен тойдың суреттері мен видеолары әлеуметтік желілерге тарап кетті. Отбасылық мерекенің қонақтары да бірден өздерінің парақшаларында тойдан естелік суреттермен бөлісті. Оларға қарап ешқандай санитарлық нормалар мен талаптардың сақталмағанын көруге болады.

Айта кетейік той карантиннің шектеулеріне қарамастан өткізілді. Ал пандемия аяқталғанға дейін Қазақстанда кез келген шаралар, соның ішінде отбасылық мерекелерді өқткізуге тыйым салынған. Талаптарды бұзғандарға айыппұл салынады. Бірақ белгілі болғандай әншінің отбасы ешқандай әкімшілік жазаға тартылмаған.

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Алматылық ҚТСБД-ның  Zakon.kz басылымына хабарлауынша, ведомство мегаполистегі ресторандардың біріне карантин талаптарын бұзды деген күдікпен тексеру жүргізген. Алайда мекеме басшылығы ешқандай той болмады деп мәлімдеген. Сонымен қатар санитарлық дәрігерлер, жарияланған видеодағы логотипті рестораннан таппаған, ғимараттың интерьері де басқа болып шыққан.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз