Қырғызстан астанасындағы «Аламедин-1» шағын ауданында 22 ақпанда күндіз 60 жастағы әйелді атып кетті.
ІІМ-нің хабарлауынша, қылмыс жасалған уақытта әйелдің қасында бір жастағы бала болған. Әйелді баланың көзінше атып кеткен болуы керек. Оқ оның басына тиген.
Әйелдің денесін мектептен оралған немересі тауып алған. Милиция қылмыскерлерді іздестіріп жатыр.