Қарның ашса табылғанын жейсің, иə болмаса күйеуіңнің миын жейсің дейді Гүлдария көршім.
Күйеудің миын жегеннен Құдай сақтасын. Жегізіп отыра беретін күйеу болса мейлі. Жегеніңді желкеңнен бір періп шығармасын деңіз. Қанша дегенімен қызуқанды халық. Шапылдаған мен тақылдағанға төзбейді.
Гүлдариям шарт кетті.
Төрдегі диванда тып-тыныш телевизор көріп томпиып отырған Мырқымбайға обал болды. Жай-күйі не болып жатыр екен.? Елестетудің өзі қорқынышты. Өзінің миын жегізе бергенше ашқарақ қатынына жейтін нəрсе тауып берсеші.
Бірақ біз кейбір əйелдер өмірі тоймаймыз. Жей бергіміз келіп тұрады. Əлемнің тəтті тамағын жиып қойса да, арасында күйеудің миын жемесек те, шемішкеше шағып тұрамыз.
Олар да жегенге жаман үйреніп қалған.
Уақытылы жеп тұрмасаң, тұрып қалған тамақтай ашып, быжып кетеді. Быжыманы орнына келтіру тіптен қиын. Үйдегі Бəке, Сəке, Маке, Такелеріңізге тəк-тəк деп тұрмасаңыздар тəспісінен жаңылуы да ықтимал.
Қой бірақ мен ми жемеймін. Ми жеймін деп жүріп миым шашылып қалар. Тыныштық керек!
Бір қыз.
Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан