Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қараша-желтоқсанда ауа райы қандай болады?

334

“Алдын ала болжам бойынша, қараша айында синоптикалық процесстің жиі алмасуына байланысты ауа райы құбылмалы болып, аязды және жылы күндер алма кезек ауысып, жауын-шашын болады.

Ұйытқымалы жел соғып, түнгі және күндізгі уақыттары тұман түсіп, көктайғақ болады”, – дейді Гүлмира Ақышева.

Қараша айының бірінші, екінші және үшінші онкүндігінің ортасында аяз айтарлықтай сезіледі. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы күндіз -5… -10 градусқа, түнде -10…-20 градусқа төмендесе, оңтүстік жартысында күндіз 0… -5 градусқа, түнде -5… -10 градусқа төмендейді.

Желтоқсан айында суық антициклонның жиі енуіне байланысты ауаның орташа айлық температурасы 1 °С төмен және қар аз жауады деп күтілуде.

Тек еліміздің батыс және шығыс өңірлерінде температуралық фон нормаға жуық және жауатын қардың мөлшері солтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік облыстардың кей жерінде, сондай-ақ оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтардың тау және тау-бөктерлі аймақтарда нормаға жуық жауады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз