Қарағанды қаласындағы бір супермаркеттің жанында жастар тобы жиналып, олардың арасында қақтығыс шығуы мүмкін деген хабарлама полицияға түскен. Оқиға орнына барған полицейлер 16 адамды ұстады, деп хабарлайды “Астана” телеарнасы.
Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері жетіп, жағдайдың одан әрі шиеленісуіне жол бермей, құқыққа қайшы әрекеттің алдын алған. Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада бірнеше адамның супермаркет жанындағы асфальтта жатқаны, ал олардың қасында арнайы жасақ қызметкерлерінің тұрғаны көрінеді.