Қарағандыда үш жастағы бала өзіне қайнап тұрған сүтті құйып алды, деп хабарлайды Today.kz.
Баланың денесінің 65 пайызын күйік шалған. “Жедел жәрдем” баланы облыстық клиникалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізді.
“Анасының сөзінше, өзі тірліктермен айналысып кеткенде, бала өзіне қайнап тұрған сүтті құйып алған”, – деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.
“Аса ауыр халден дәрігердің кәсібилігінің арқасында беті бері қарады. Бірақ пластикалық ота жасалуы керек”, – дейді Айжан Иса.
Дәрігерлер ата-аналардан балаларына мұқият қарауды өтінеді.
“Халықтың денсаулығы мен денсаулық сақтау туралы” Кодекске сәйкес, ата-ана бала өміріне жауапты”, – дейді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.