Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағанды соты екі экс-шенеунікті жауапкершіліктен босатты

Естеріңізге сала кетейік, осыдан тура 3 жыл бұрын кенді шаһардың іргесіндегі Көкпекті ауылында бөгет жарылып, қызыл су елді-мекенді шайып кеткен болатын. Салдарынан 300-ге жуық үй қирап, 5 адам ажал құшты. Бұған қоса, ірілі-ұсақты мыңға жуық мал қырылды.

Осыдан кейін су қоймасының қожайыны Владимир Крючков, Көкпекті ауылының сол кездегі әкімі Бақытжан Смаилов және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бұрынғы басшысы Ринат Жантүліков сотқа тартылған.

Алайда сот процесі кезінде прокурорлар екі экс-шенеунікті жауаптан босатты. Ал Крючков 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Судьяның айтуынша, сотқа арызданғандардың қатарында ауыл тұрғындарымен қатар мемлекеттік органдар да бар.

Жанна Сейдалина, Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрайымы:

– Көкпекті ауылындағы қираған үйлерді қалпына келтіруге мемлекет қыруар қаржы жұмсады. Енді соның қайтарымы болу керек қой. Сондықтан бұл шығынның барлығын Көкпекті ісі бойынша сотталған азаматтардан өндіріледі.

Еске сала кетелік, жаздағы сот отырысы кезінде су қоймасының қожайыны Владимир Крючков өзін кінәлі санамайтынын мәлімдеген. Оның айтуынша, ол су қоймасының жағдайы қиын екенін айтып, ең бірінші дабыл қаққан адамның бірі. Бірақ оның мұң-зарына ешбір шенді құлақ түрмеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз