Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандыда мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

Директор кәсіпкерді қызметтік кабинетіне шақырып, 414 000 теңге пара талап еткен.

Тендерді ұтып алушы директор талабына келісіп, тек ақшаны оқу жылының аяғында, шілде айында беруге уәде еткен. Оқу жылы аяқталғанда мектеп директоры шаруа қожалығының басшысын үйіне шақырып, ақша туралы есіне салған. Мектеп басшысының талаптарын тыңдаған кәсіпкер кетіп қалып, Қарағанды облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталығына барып, ақша бопсалаушылық жайлы арыз жазады. Арнайы операция барысында 55 жастағы мектеп директоры мектеп алдындағы көше бойында пара алу үстінде ұсталды.

Сот мектеп директорын ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы, 2-бөлімінде қарастырылған «Мемлекеттік қызметті атқаруға уәкілетті тұлға ретінде өзі үшін едәуір көлемде ақша түрінде пара алу» бойынша айыпты деп таныды.

Сот оның мүлкін тәркілеп, үш жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Мектеп директорына өмір бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз