Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қарағандыда бір тәулікте жол ережесін 700-ге жуық жүргізуші бұзған

Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, жазғы демалыс кезінде жол-көлік оқиғалары күрт артып, қаза тапқандардың саны өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда өскен. Соңғы жарты жылда аймақта 300 жол апаты тіркеліп, 52 адам қаза тапты, ал түрлі дәрежеде жарақат алғандардың саны – 386 адам.

Олжас Арынов, облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары:

– Осы жолғы өткізілген «Қауіпсіз жол» акциясы барысында осыған дейін мас күйінде көлікті жүргізген Приозерск қаласының тұрғыны тағы бір мәрте ұсталды. Жүргізуші куәлігінен үш жылға айырылған ол көлікті мас күйінде басқарып келе жатқан жерінен тоқтатылды. ҚР Қылмыстық Кодексінің 346-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз