Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қарағандыда 8-наурызда ер адам анасын өлтіріп, балконнан секіріп кетті

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ер адам кома жағдайында ауруханаға жеткізілген.

«Онда жоғарыдан құлаған адамға тән жарақаттар болды. Ауруханаға жеткізу кезінде ер адам көз жұмды», – деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Баспасөз хатшысының хабарлауынша, ер адам медициналық мекемеге жеткізу кезінде қайтыс болып, жан сақтау шараларын жасап үлгермеген. Бесінші қабаттан құламас бұрын ер адам пәтерде өз анасын өлтірген. Әйелдің қатты шыққан дауысын естіген көршілер полиция шақырған. Бірақ пәтерге келген Михайлов бөлімінің полицейлерін марқұм әйелдің ұлы кіргізбеген. Өзі балконға жүгіріп шығып, секіріп кеткен.

Қазыбек би аудандық прокуратурасы ҚР 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Біздің қызметкер қылмыс орнына барды, бірақ нақты не жағдай болғаны әлі белгісіз. Күдікті көз жұмса да, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қылмыстық іс қозғалады», – деп хабарлады аудандық прокуратура.

Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Құдияровтың айтуынша, «адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізіліп жатыр, бірқатар сараптама тағайындалды».

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз