Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Қарағанды облысының әкімінің орынбасарлары мен басқарма төрағалары қоғамдық көлікке отыратын болды

Қошановтың бұлай жасауына жуырда Қарағандының автобустары мен троллейбустарына орнатылып жатқан электронды төлем жүйесі себеп болған. Яғни әкім бұл жаңа төлем жүйесін қарамағындағылардың көмегімен тексеріп көрмек. Облыс әкімінің айтуы бойынша, қалалық жолаушылар тасымалы үнемі бақылауды талап етеді.

“Сендер дұрыс бақыламайсыңдар. Мен де көріп отырмын. Біз бұрынғыға қайта оралып жатырмыз. Тазалық, жүйелілік, сапа және қызметкерлердің әдепті болуын үнемі бақылап отыруымыз қажет.

Кесте құруды тапсырамын: менің орынбасарларымнан бастап басқарма төрағалары қоғамдық көлікпен жүретін болсын. Бұл тізімге Қарағанды әкімі де өзінің орынбасарымен бірге енгізілсін”, — деді Ерлан Қошанов аппараттық жиналыс кезінде Қарағанды әкімі Нұрлан Әубәкіровке.

Аймақ басшысы қарамағындағыларға аптасына кемінде бір рет қоғамдық көлікпен жүруді тапсырды. Әубәкіровтің айтуынша, билет беретін электронды жүйе құрылғысын монтаждау жұмыстары аяқталды. Ал жүйе желтоқсан айында іске қосылады.

Шенеуніктердің бұл тапсырманы орындауға қашан кірісетіндері әзірге белгісіз. Қарағандыда алғашқы электронды төлем жасау терминалы осы жылдың жаз айында орнатылды. Қазір олар сынақ режимінде істеп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз