Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Қарағанды облысындағы сұмдық оқиға: “Сасық иіс бүкіл подъезді алып кетті…”

Жантүршігерлік қылмыс 2017 жылдың қазанында жасалған. Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, қылмыс жасалғанға дейін бір ай бұрын Қырғызстанның 49 жастағы тумасы танысына оның пәтерінде бірге тұруды ұсынған. Ал танысы болса келісімін беріп, тіпті ақша төлемей-ақ тұра беруіне болатынын айтқан. 14-қазанда екеуі жанжалдасып қалған. Пәтердің иесі танысын әбден балағаттаған. Оған шыдамаған танысы пышақ ала жүгіріп, үй иесін бірнеше рет пышақтаған.

“Күдікті оған үш рет пышақ салған, салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмады. Қылмысын жасаған күдікті осы жағдайдан кейін де ішімдік ішіп, пәтерде тұра берген. Шамамен 1-2 күннен соң ол қылмысын жасыру мақсатында денені бөлшектеп, паласқа орап тастаған”, – делінген айыптау актісінде.

Ал қылмыс жайлы тек 16 күннен кейін белгілі болған. Мұны бірінші болып көршілері байқаған. Олар ер адамның көрінбей кеткенін айтып, полицияға хабар берген.

“Көршілер бастапқыда ер адамның пәтерінің есігін ұрған, алайда оларға ұзақ уақыт бойы есікті ешкім ашпаған. Бірақ есік ашылған соң көршілері жаман иісті сезген. Есікті ашқан күдікті ер адамдың үйде жоқ екенін, әпкесі Теміртауға алып кеткенін айтқан. Алайда көршілері оның айтқанына сенбей, полицияға хабар берген. 30-қазанда пәтерге учаскелік полицейлер келіп, ер адамның денесін табады. Ал күдікті болса сол сәтте әрең дегенде орнынан тұрған, қатты мас болған”, – делінген қылмыстық іс материалында.

Қылмыстық іс Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Сотталушы айыпты деп танылып, 13 жылға сотталды. Сондай-ақ, сот оған ішімдіктен мәжбүрлі түрде емделуді міндеттеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз