Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-2
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Қарағанды облысында шылымқорлар бюджетке 44 миллион теңге айыппұл төлеген

Мәселен, жаппай демалыс орындарында – театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, мұражайлар, кітапханалар және тағы басқа орындарда темекі шеккені үшін облыстың 934 тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Мемлекеттік ұйымдарда темекі шеккені үшін – 885 адам, оқу орындарында – 928 адам, құқық бұзушылардың басым бөлігі үй дәліздерінде темекі шегуді ұнататындар құрайды- 5280 адам.

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 441-бабына сәйкес, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін айыппұл 3 айлық есептік көрсеткішті құрайды (1 АЕК – 2269 теңге), яғни 6807 теңге. Егер бұзушылық қайталанса, айыппұл 6 айлық есептік көрсеткішке өсіп, 13 614 теңгені құрайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз