Қапшағайда шомылып жүрген 20 жастағы қыз суға батып кетті.
24 маусым күні сағат 15.50-де Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Алтын құм» демалыс орталығында шомылып жүрген 1998 жылғы бойжеткен суға
батып, қайтыс болды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қайғылы оқиға шомылуға арналып жабдықталған жағажайда болған.
Дерек көз:Ктк.