Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қапшағай-Бақанас тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды (фото)

441

Соққының қатты болғаны соншалық екі көлік те умаждалып қалған. Сондықтан жол көлік апаты орнына жақын маңдағы Бақанас ауылының өрт сөндірушілері мен жол жөндеушілер келіп жетті.

Куәгерлердің айтуынша, Бақбақты ауылына жетпей BMW 5 маркасындағы автокөлік жолдың қарсы бағытына шығып, Geely көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Рөлін бұрып үлгерген BMW жол жиегіне ұшып, бір төңкеріліп түскен. Апат орнында Geely көлігіндегі 4 адам (біреуі бала), ал BMW-дағы 2 адам мерт болған, сонымен қатар 6 адам қатты зардап шекен, оның ішінде де бала бар.

BMW-дағы келіншек пен Geely-дегі қарт адамды көпке дейін шығара алмаған, өйткені мыжылған көлік оларды қысып қалған. Техника мамандар адамдарға зиян тигізбес үшін түгі қалмай мыжылған екі көліктің бөлшектерін бір-бірлеп ажыратуларына тура келген.

Geely көлігіндегілер Қарағашқа қонаққа бара жатыпты. Ол көліктен тек бір адам, онда да тоғыз айлық нәресте тірі қалған.

Криминалист сарапшылардың айтуынша, бұл жантүршігерлік жол апатына кінәлі BMW көлігінің жүргізушісі тірі екен, ол басқа зардап шегушілермен қатар ауруханаға жеткізілген. Видеожазба да табылды. Онда да жол апатына кінәлі BMW көлігі екені анық көрініп тұр. Ал Geely өзіне қарама-қарсы келе жатқан көлікті көрсе де ешқандай әрекет қылмаған.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз