Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

«Қанжығасы майлы екен!». 13 жасар шабандоз Қостанайдағы бәйгеде 57-інші көлігін ұтып алды

133

Сонымен қатар, әуесқой спортшылар садақ тартуға да шықты.

Дегенмен, бәйге десе, делебесі қозбайтын қазақ бар ма?!

Бұл жолғы бәйгеге республиканың түкпір-түкпірінен және Ресейден барлығы 88 тұлпар әкелінді.

Әуелі 3 шақырымдық тай жарысының жеңімпаздары анықталды. Бірінші орынды алматылық Бақыт Сәдуақасов есімді шабандоз иеленді. Оған 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

Келесі кезекте – 9 шақырымдық тоқ бәйге. Тоқ жарысқа түскен топ ішінен 13 жасар Ақжол Жұматайға тең келер ешкім болмады. Оған «Peugeot» көлігі сыйға тартылды.

Ақжол Жұматайдың аты аламан бәйгеде тағы озды. Аламан бәйге 21 шақырымға шақталды. Жеңімпаз бұл жолы да «Peugeot» көлігінің кілтін иеленді.

Атап айтарлығы, бұл балғын шабандоздың алғашқы жеңісі емес. Сегіз жасынан бәйгеге қатысып жүрген Ақжол Жұматайдың табысына үлкендер де қызығады.

– Сегіз жасымнан бастап бәйгелерге қатысып келемін. Ат баптауды ағам үйретті. Өзім Қордайда туғанмын. Бәйгелерде Алматы облысының атынан шығамын.

Осы уақытқа дейін 55 автокөлік ұттым, –

дейді аламан бәйгенің жеңімпазы Ақжол Жұматай.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз