Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қант қымбаттап кетті

133

Галина Иванова, қала тұрғыны:

– Соңғы рет шекерді қыста 198 теңгеден сатып алған едім. Қымбаттап кетіпті. Жолдасым екеуімізге жылына бір қап құмшекер қажет. Амал жоқ, бүгін болмаса, ертең келіп аламын.

Елімізде жеміс-жидек пісіп, нағыз тосап қайнататын шақ қазір. Осыған байланысты қанттың бағасы да өсіп отыр. Мәселен, Петропавлда құмшекердің құны әр жерде әртүрлі. Тіпті 250 теңгеден басталып, 300-ге дейін жетеді. Ал жергілікті әкімдіктегілер болса бағаны негізсіз көтергендерді жауапқа тартамыз деп отыр. Биыл солтүстікте тәтті өнім тапшылығы болмайды. Ол үшін өңірге 13 вагон қант жеткізілмек. Сәйкесінше баға келер аптадан бастап тұрақталады.

Мұрат Нұрқанов, облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының бөлім жетекшісі:

– Алматы қаласында ЖШС бар. Сол біздің облысқа негізгі жеткізуші болып табылады. Ондағы жіберу бағасы қымбаттағаннан біздің облыста да қымбаттап отыр. Оның бағасын тұрақтандыру үшін біздің облыста тұрақтандыру қоры қалыптасқан. Оған өткен жылы 884 тонна қант контрактіленген. Соның 340 тоннасы облысқа әкелінген.

Ал Таразда қанттың келісі нарықта 280-300 теңге. Коммуналдық дүкендерде 240 шамасында. Өңірде баға тұрақтылығын қамту үшін әкімдік жанынан құрылған арнайы қор жұмыс істеп тұр. Мың тоннадан астам қант сақтаулы.

Шәмсәт Исабеков, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басшысы:

– Біздің тұрақтандыру қорымызда 10 павильонымыз бар, бір коммуналдық базарымыз бар. Сол базарда сатылады. Тағы дүкендеріміз бар. Сол арқылы жіберіп, солар сатып жатыр. Қант қорда бар. Дүкенде бар.

Қызылорда базарларында қанттың келісі 260 теңгеден. Ал қаптап алса, әр келісі 248 теңгеге маңайында. «Бір ай бұрын баға көтерілген», – дейді тұрғындар. Қазір өнім жеткілікті. Тұрақтандыру қоры арқылы тиісті шаралар қабылданды.

Алматы облысындағы қант зауытында жөндеу жүріп жатыр. Бүгінде Алматы облысында қант шығаратын екі кәсіпорын бар. Оның алғашқысы жоспарлы жөндеу жұмыстарына жабылса, екіншісі жыл соңында қайта іске қосылмақ. Сондықтан қазір елімізге құмшекердің басым бөлігі сырттан әкелініп жатыр.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз