Қазақстанның туристер тұрмақ, тіпті мына біздер, жергілікті тұрғындар білмейтін небір тамаша жерлері бар.
Соның бірі Маңғыстаудағы Бозжыра тауы. Туризмді, оның ішінде экстремалды туризмді сүйетіндер үшін таптырмас мекен. Әттең, жарнамасы аз. Әйтпесе, АҚШ-тағы дәл осыған ұқсас каньондардан еш кем емес.
Сурет Тұңғыш Президент қоры жүзеге асырған “Беймәлім Қазақстан” фотоқорынан алынды (қорға қатысты қызықты дүниелерді мына сілтеме бойынша көре аласыз: facebook.com/fpp.kz).