Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Қанат Ыдырысов келді». Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

145

Қанат Мұратұлы Ыдырысов 1967 жылы Көкшетау қаласында туған. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтының Көкшетау филиалын және Есеп және статистика республикалық салааралық институтын бітірген.

Қанат Ыдырысов

  • Еңбек жолын 1991 жылы Көкшетау облысының Садовый кеңшарында агроном қызметінен бастады.
  • 1992-1999 жылдары Көкшетау және Ақмола облыстық салық басқармасында қызмет істеді.
  • 2000-2006 жылдары аралығында Атбасар ауданы бойынша салық комитеті төрағасы болды.
  • 2006-2008 жылдары «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары болып қызмет істеді.
  • 2008-2018 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің ведомсволық байланысты ұйымдарын басқару бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Ринат Галлямов

Сонымен қатар, облыс әкімінің 2018 жылғы 17 қаңтардағы өкімімен Ринат Галлямов Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының хатшылық меңгерушісі болып тағайындалды.

Ринат Фаатович Галлямов 1983 жылы Көкшетау қаласында туған. Көкшетау университетін, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универститетін және Гуманитарлық-техникалық академияны бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Ақмола облыстық телерадиокомпаниясында бастады.

2003-2007 жылдары Көкшетау университетінің студент жастар орталығының үйлестірушісі, кейінірек тәрибе жұмыстары жөніндегі проректор болып қызмет істеді.

2008 жылдан мемлекеттік қызметке ауысып, түрлі облыстық басқармаларда бөлім басшысы болып қызмет атқарды.

Соңғы жылдары Ақмола облысының жастар саясаты мәселелері басқарманың басшысы болды.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз