Қазақстандық боксшы Қанат Исламға (25-0, 20 КО) WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін таласып көруге ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның ықтимал қарсыласы ретінде британдық Лиам Смит (26-1-1, 14 КО) аталды. Смит Сауль Альварестің бұрынғы оппоненті (49-1-2, 34 КО).
«WBO Қанат Ислам мен Лиам Смиттің жекпе-жегін санкцияласын. Әлем чемпионы белдігі Котто Алиді жеңгеннен кейін бос болады», – деп жазады EspaBox.com журналисі Джулиус Джулианис.
Еске салайық, Котто Алимен өтетін кездесуден кейін кәсіби мансабын аяқтауды жоспарлауда. Жекпе-жек 2-желтоқсан күні Нью-Йоркте өтеді.