Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қанат Ислам қарсыласының неге ауысқанын түсіндірді

Алматыдан Астанаға келген боксшы тауда бас бапкер Мырзағали Айтжановтың жетекшілігімен әлем чемпионатына дайындалып жатқан Қазақстан құрамасымен бірге жаттыққанын айтты.

“Бар нәтижені шаршы алаңда көреміз. Астанада осында үлкен және жауапты бокс кешін өткізетінімізге қуаныштымыз. Менің қарсыласым мен сияқты бұған дейін жеңіліп көрмеген боксшы. Қарсыластарды әлсіз немесе жеңіл деп санауға болмайды, бәріне қажымай дайындалу керек”, — дейді Ислам.

Қанат Ислам канадалық боксшымен өтетін жекпе–жек НВО-ға шығуға мүмкіндік екенін атап өтті. Бұдан бөлек, әлемдік бокста өз орнын алуға да зор мүмкіндік болмақ.

“Астанада жаттығу базасы бар, өз командаммен келдім. Ертең менің спарринг-серіктестерім келеді. Ақтық дайындық негізінен спаррингтерге бағытталатын болады. Бокста бірінші раундан соңғы раундқа дейін не болатынын болжап білуге болмайды, сондықтан мен барлық 12 раундқа дайындалып жатырмын. Барлық күш-жігерімді саламын. Әрине, өз туған жеріңде, әрі жанкүйерлеріңнің алдында бұл оңай емес. Мен үшін бұл үлкен сабақ болады, өйткені мұндай сыннан да өту керек”, — деді Қанат Ислам.

Бұған дейін маусым айының соңында Қанат Исламның командасы америкалық боксшы Джеймс Кирклендпен келіссөздер жүргізіп жатқаны хабарланған болатын. Кейін шілде айында Астанадағы бокс кешінде қазақстандық боксшының шаршы алаңда бірде-бір жекпе-жекте жеңіліп көрмеген Брэндона Кукпен кездесетіні белгілі болды.

Еске сала кетсек, Астанада ЭКСПО көрмесі аясында бокс кеші 9 қыркүйекте өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз