Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Қанат Бейсекеевтің не үшін қамауға алынғаны белгілі болды

Белгілі болғандай, Бейсекеев және түсірім тобындағы тағы екі адам Қазақстанға келу үшін Тегеранға кеткен. Дегенмен, екі күн бұрын түсірім тобының ешкімге айтпастан Горганға қайтып келгені туралы ақпарат пайда болды.

«Жергілікті қазақтар да бұл туралы білмейді. Бірақ олардың қамауға алынуы туралы ресми ақпарат жоқ, бірақ олар ұсталды. Алдын-ала ақпарат бойынша оларды қонақүйде тұтқындаған», – деді сұхбаттасушы.

Иран заңнамасына сәйкес журналистер мен блогерлер бұл елден ақпарат жинау үшін алдын-ала рұқсат алу керек екен.

Өз кезегінде «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин желідегі парақшасында Қанат Бейсекеевтің “үйге ұшып келе жатқанын” хабарлады.

«Қанат Бейсекеевте бәрі жақсы. Ол елге ұшып келе жатыр. Жұмысқа қатысты жағдай болды, бірақ мәселелер шешілді», – деп жазды Қарин.

Айта кетейік, Бүгін таңертең шетелде қазақтар жайлы фильм түсіріп жүрген танымал режиссер Қанат Бейсекеевтің Иранда қамауға алынғаны хабарланды. Сонымен қатар, оның PR-маманы Әлішер Елікбаев режиссердің түсірілім жұмыстарына қажетті құрылғыларының тәркіленгенін айтты.

 

https://kaz.365info.kz/iranda-khazakhstandykh-rezhisser-khanat-bejsekeev-ystaldy-320875

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз