Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Иранда ұсталған режиссер оқиғаның мән-жайын айтып берді

 

https://kaz.365info.kz/iranda-khazakhstandykh-rezhisser-khanat-bejsekeev-ystaldy-320875

“Нұрсұлтанмен мені үш сағат аясында тергеді. Полиция бөлімшедегілер бір шешімге келе алмай, ұзақ ойланды. Бізді бәрібір де жібереді дегенге сеніп, тыныштық сақтадық. Бөлімшеде ағылшын тілінде сөйлеп, түсінетіндер санаулы ғана болды. Әуе компаниясының қызметкерлері келіп, бізге аудармамен көмектесті. Ұшу сағаты жақындаған сайын қорқыныш артты. Бізден коптерді алып, жібергеннен кейін ұшуға жарты-ақ сағат қалды. Гейтке жақындай бергенімізде бізді полициядан бөлек – ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері күтіп тұрды. Бізді қайтадан бөлімшеге апарып, сөмкелерімізді ақтарып, дөрекі түрде тергей бастады. Сөмкемізде қымбат Macbook Pro, айпад және т.б құнды аппараттар болды. Олар коптер, компьютер, флешка бәрін тәркіледі…” , – деді ол.

“Багаждан менің түсірілім аппаратымды, түсірілген материалдар бар дискімді, дауыс аппаратын және сүйікті шортымды шығара бастады. Оны тіпті Иранда киіп үлгермедім. Таныс емес, бірақ жерлес болған соң бір азаматтың сұрауын орындаған болатынмын. Заттарды тексере бастағанда “Ішінде не бар екен?” деп әбден басым қатты.

Өзі Иранда жұмыс істейді, Алматыдағы туысқандарына құжаттарды беріп жіберген болатын. Біз оның ішінде не бар екен деп қарамаппыз да тіпті. Сөмкемізідің ішін тексере бастағанда сол пакет есіме түсіп, жүрегім аузыма тығылды. “Ішінде не бар?” деп дөрекі сұрағанда “Бірге ашып көрейік!” дедім.

Сөйтсек ішінде бір уыс доллар ақшасы. Жерлесімнің маңдай терімен тапқан ақшасын қазір “Тәркілей ме екен?” деп қатты қорықтым. Бірақ ирандықтар бізге ақшаны қайтарып берді. Тіпті ақшаға қол ұшын тигізген жоқ.

 

https://kaz.365info.kz/khanat-bejsekeevtin-ne-yshin-khamauga-alyngany-belgili-boldy-320938

Өкінішке қарай, техникамыз бен материалдар бар дискілерімізді, багажды, коптерді алып қалды. Бірақ ұшақта тыныш қана, сабыр сақтап Әділет – деген досымыз отырды. Соның сөмкесінде түсірілген материалдардың көшірмесі сақтаулы тұрды…”, – деді режиссер.

Еске салайық мұның алдында PR-маман Әлішер Елікбаев Иранда деректі кино түсіріп жүрген қазақстандық режиссер, сценарист әрі оператор Қанат Бейсекеевтің ұсталғанын хабарлаған еді. Кейін ҚР СІМ Иранда жүрген Қанат Бейсекеевтің жағдайына қатысты пікір білдірді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз