Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Қалыңдығы студент екен. Асхат Тарғынның бақыттан басы айналып жүр (фото)

134

Әншінің өзі қазір 35 жаста. Оның бірінші әйелінен Айым есімді қызы бар. Асхат үнемі қызын қолдап, өнерге яғни әншілікте жол көрсетіп жүрген үлгілі әке.

– Асхат болашақ жарыңызбен қалай және қайда таныстыңыздар?

– Мен Әлиямен тойда таныстым. Таныс жігіттің туысының тойына барғанбыз. Әрине, мен ән айтуға шақыртылған едім. Әлия сонда қонаққа келіпті. Содан сол жерде таныстық. Сол таныстығымыз достыққа, достықтан махаббатқа ұласты.

– Қалыңдығыңыз өнер адамы ма?

– Жоқ, оның мамандығы мүлде бөлек. Қазірше жұмыс істемейді. Жоғарғы оқу орнын былтыр ғана бітірген. Алдағы уақытта жұмыс істеймін деп жатса еш қарсылығым жоқ.

– Әлия қай қаланың қызы?

– Әлия Алматы облысының тумасы. Қазіргі күні ата-анасымен осы Алматы қаласында тұрады. Негізі, аталары Ақтөбе облысының адамдары. Жарты ғасыр бұрын оңтүстікке көшіп кеткен.

– Той қай күні және қай қалада болады?

– Тойды осы Алматыда жасайтын болдық. 12 сәуір күні болады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз