Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қалмұханбет Қасымов министрлік жұмысына қатысты халықтың сынына жауап берді

«Өкінішке қарай, соңғы уақытта ІІД, сондай-ақ полиция қатаң сынға қалып отыр. Көп жағдайда сын орынды айтылады. Расында, полиция қызметінде шешілмеген мәселелер көп. Біз олармен жұмыс істейміз, мәселелерді қоғамнан жасырмаймыз», – деді Қасымов.

Оның айтуынша, соңғы жылдары ІІМ жүйесі ашық бола бастағанын атап өтті.

«Интернетте ІІМ ресми сайты бар. Ішкі істер министрінің блогы жұмыс істейді, сондай-ақ азаматтар қызметкерлердің әрекетіне қатысты арызданып, ІІО бөлімшелерінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге арналған ІІМ Бірыңғай сенім телефоны іске қосылды.

ІІО қызметіндегі мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдармен, ІІД жанындағы консультативті-кеңесші органдарымен байланыса Қоғамдық кеңес жұмыс істейді. Кеңес халықпен жиі есеп беру жиындарын өткізеді.

Министр, территориалды орган басшылары мен учаскелік полиция инспекторлары, бұдан бөлек министрлік жылына екі рет Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында министрлік қызметінің жеке бағыттары бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы есеп береді. Министрлік басшылығы, аймақтық департамент басшылары азаматтардың жеке мәселелері бойынша тұрақты түрде қабылдаулар жүргізеді», – деді Қасымов.

Ол министрліктің БАҚ-тағы сыни жарияланымдарына мониторинг жүргізетінін атап өтті.

«Тәртіп пен заң бұзушылықтар анықталған кезде әрбір ақпарат бойынша қызметкерді қызметінен босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады. Ағымдағы жылы жағымсыз себептермен ІІО-дан 600 қызметкер жұмыстан шығарылды», – деп айтты министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз