Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қалмұханбет Қасымов террорист Күлікбаев туралы оның түзелмейтінін айтты

Сондай-ақ, ІІМ басшысы сотталушымен психологтардың жұмыс істеп жатқанын айтып өтті.

“Оған қатысты бақылау қатаң болады”, – деді Қасымов.

Еске сала кетейік, мұның алдында ҚАЖК өкілдері Террорист Руслан Күлекбаевтың екі рет суицид жасамақшы болғанын хабарлаған еді.

“Суицидке қатысты айтар болсақ, ол жазасын өтеп жатқан уақытта екі жағдай тіркелді, дер кезінде қылмыстық-атқару жүйесі оның алдын алды. Өкінішке қарай, ол әлі де суицид жасау мүмкіндігін іздеп жүр. Мекеме басқа да кешенді профилактикалық шараларды қолданып жатыр”, – деген еді комитеттегілер.

Еске салайық, 2016 жылы 18 шілдеде Алматыда террористік акт болған еді. Руслан Күлекбаев Алмалы аудандық ІІБ мен ҰҚК департаментіне қарулы шабуыл жасады. Атыс салдарынан 10 адам қаза тапты. 2 қарашада Алматыда Руслан Күлекбаевқа өлім жазасына кесілуі және мүлкі тәркіленуі туралы үкім шығарылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз